Қарағанды облысында әлеуметтік тұрғын үймен қамту кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталды. Әсіресе жалдамалы пәтерлердің құрылысы мен бөлінуі барысында көптеген кемшілік болған. Прокуратураның мәліметінше, әкімдік қызметкерлері сапасы төмен пәтерлерді сатып алып, оларды кезекте тұрғандарға дер кезінде бөлмеген. Салдарынан бюджетке 50 миллион теңгеден астам жалдау ақысы түспей қалған. Бұған қоса, өңірде 417 иесіз пәтер анықталып, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар мен ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылардың үй алу кезегі созылып кеткен.
ЖАЛҒАСБЕК ҚОСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:
— Тұрғын үй беру кезегінің тәртібі сақталмағандықтан, 144 жетім бала есепке алынбай қалған. Прокуратураның қадағалау актілерінің нәтижесінде ұзақ жылдар бойы баспана күткен азаматтарға 298 пәтер беріліп, оның 82-сі жетім балаларға тапсырылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.