Қазақстан бензині Өзбекстанға сатылып жатқан жоқ. Бұл туралы Жалған ақпаратпен күрес орталығы мәлімдеді. Сала мамандарының хабарлауынша, 22 қыркүйек күні кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «Қазақстан Өзбекстанға бензин сатып жатыр» деген негізсіз, тексерілмеген ақпарат таратқан. Энергетика министрлігі бұл деректі бірден жоққа шығарды. Ресми мәлімдемеге сәйкес, елімізден жанар-жағармайды экспорттауға қатаң тыйым салынған.
МАРЖАН БАХТИЯРҚЫЗЫ, ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
— Өкінішке қарай, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратты уәкілетті органнан нақтылап алмай, тексерілмеген деректерді тарату үрдісін байқаймыз. Осы орайда редакцияларды өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға және азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге шақырамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.