Алматы облысы жылыту маусымына 90% дайын

Алматы облысы қысқы жылыту маусымына 90% дайын. Өңірде биыл 30 қазандық жөнделіп, жалпы ұзындығы 3 шақырымдай жылу жүйесі ауыстырылды. Халқы тығыз қоныстанған Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында 50-ден астам көпқабатты тұрғын үйге жылу беруге арналған блоктық-модульдік қазандықтар орнатылып жатыр. Өңірде 2065 көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінде соның тең жартысы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
ЕРЖАН ӘДІЛЕТ, ЭСЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Жалпы 15 блоктық-модульдік қазандықтың құрылысы жүргізіліп жатыр. 15 блоктық-модульдік қазандық, оның 12-сі Талғар ауданында, үшеуі Еңбекшықазақ ауданында. Қазіргі таңда тоғызының құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталды. Оны іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қалған алтауы жылыту маусымының басталуына дейін аяқталады.
———————————————