Оралдағы тарихи-өлкетану музейі халық қолындағы сирек мұраларды зерттеуге кірісті

Оралдағы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасын бастады. Мақсат – халықтың қолында сақталған көне естеліктерді табу, анықтау, есепке алу. Көне қолжазбалардың иелері оларда не жазылғанынан бейхабар. Енді осы олқылықтың орны толтырылмақ. Жоба аясында осы өлкеде өмір сүрген тұлғалар туралы мағлұмат жиналып, бір жүйеге келтіріледі. Әбден тозығы жеткен кейбір кітап мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан қазірдің өзінде жергілікті жұрттың қолында сақталып келген бірнеше көненің көзі мұражайға әкелінген. Оларды зерттеу жұмыстары басталды.
———————————————