Қайрат – Реал матчы: алыпсатарлар билетті 1 млн 200 тг сатуда | 24.09.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ПРЕЗИДЕНТ СӨЗІ
Орта держава елдері сарапшыларының салмақты пікірімен әлем санасуы керек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның биік мінберінен осындай ой айтты.

БАЛАНЫ САБАДЫ
Атырауда белгісіз ер адам аулада алаңсыз ойнап жүрген баланы жұлқылап, жұдырықтың астына алды. Полиция күдіктіге іздеу жариялап, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

ОҚУШЫ СМАРТФОН ҰСТАМАСЫН!
Мәжіліс депутаттары оқушылардың мектепте смартфон ұстағанын қаламайды. Қазір оқу ордаларында телефонға шектеу қою мәселесі қызу талқыланып жатыр.

БИЛЕТ САУДАСЫ ҚЫЗДЫ
Алыпсатар араласқан іс оңа ма? «Қайрат» — «Реал» матчына сатылып жатқан билетті делдалдар орта жолда қағып алып, бірнеше есе қымбатқа сатып жатыр.

ТЕГІН ДӘРІГЕ ТАЛАС
Петропавл емханаларында ұзынсонар кезек. Азаматтар мемлекеттен тегін берілетін дәріні алу үшін таң атпай барады. Дәрі-дәрмек тапшы ма әлде тегін дүниеге талас күшейді ме?
———————————————