Атыраудағы қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Атырауда құрбылар төбелесті. Кәмелетке толмаған қыз бала көптің көзінше таяқ жеген. Бұл әрекеттің барлығын өзге жасөспірімдер телефонға түсіріп тұрған. Қатарласы құрбысын оңбай ұрған. Беті мен ішінен төмпештеп, бірнеше рет тепкен. Әзірге қыздар арасындағы жанжалға не себеп екені белгісіз. Полиция мән-жайды анықтауға кірісті. Төбелеске қатысқандар колледж студенті болып шықты. Қазір ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Басты күдікті кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.
ЖАНДОС САДИРОВ, ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ №1 ҚПБ БАСТЫҒЫ:
— Құқық бұзған жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылып, мәселе кәмелетке толмаған істер жөніндегі комиссия қаралуына жіберіледі. Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі мен мінез-құлқына айрықша мән берулеріңізді сұраймыз. Олардың бос уақытын қалай өткізетінін, айналасындағы достарына және психологиялық жағдайына үнемі көңіл бөліңіздер!
———————————————