Елімізде жасөспірімдердің дені еңбекке араласуға ынталы. Алайда жұмыс беруші оларды қабылдауға құлықсыз. Себебі мұндай жағдайда кәсіпорындар автоматты түрде тексеріске ұшырайды. Ал жасөспірімдер құқықтық тұрғыдан қорғансыз. Көп жағдайда олар курьер, даяшы сынды бейресми жұмыстарға тартылуға мәжбүр. Депутаттар бұл мәселені Мәжілісте көтерді. Жас өрендерді еңбекке баулудың заңнамалық және құқықтық негіздерін қайта қарау қажеттігін айтты. Жұмыс істейтін жасөспірімдерге арналған сақтандыру класы қажет деп есептейді. Бұл бағытта заңға тиісті түзетулер де дайын. «Жасөспірімдер бос уақытын гаджетке арнап, әлеуметтік желіде ұзақ отырады. Бұл оларды түрлі қауіп-қатерге итермелеуі мүмкін», — дейді депутаттар.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Жұмысқа орналасуға арналған бір терезе қағидаты қажет. Ол жерде жасөспірімдер бос жұмыс орындарын көреді. Еңбек құқығы бойынша онлайн курстан өтеді. Цифрлық еңбек кітапшасын жүргізеді. Жұмыс берушілер келісімшартты бірнеше қадам бойынша рәсімдейді. Мемлекеттік органдар деректерді автоматты түрде жинап, артық тексеріссіз, заңбұзушылықтарды көреді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.