Қостанайда уақытша бейімдеу орталығының мамандары қарт кісіні аяусыз ұрып-соқты. Соның салдарынан ол бір бүйрегінен айырылды. Бірнеше қабырғасы сынған. Жәбірленушінің туыстары айтқандай, жанжал ер адамның ғимарат ішінде шылым шегуінен басталған. Видеода бір қызметкер пациентті ұстап тұрғанда, екіншісі оның басына шылымын тигізіп, күйдіріп өшіргені байқалады. Ары қарай ер адамды жерге құлатып, аяусыз тепкілеген. Олар науқастың басынан теуіп, ұрған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.