Қарағанды ауасы ең қатты ластанған әлемдегі үш қаланың қатарына кірді

Қарағанды ауасы ең қатты ластанған әлемдегі үш қаланың қатарына кірді. Швейцариялық АйкьюЭйр компаниясының дерегінше, шахтерлар қаласы Үндістанның екі мегаполисінен кейінгі орынға шықты. Экологтар соңғы үш жылда қаладағы шығарынды азайғанын айтып, бұл рейтингтің дұрыстығына күмән келтіріп отыр. Ал тәуелсіз сарапшылар: «Мәселенің негізгі себебі қыста көмір жағуда», — дейді. Билік өкілдері: «Толық газдандыру жұмыстары 2040 жылға дейін аяқталады», — деп отыр.
ДМИТРИЙ КАЛМЫКОВ – ЭКОЛОГ:
— Мемлекет халықтың үй жылытуға сатып алатын көмірінің сапасын қадағалауды тоқтатты. Соның әсерінен отынды аз жұмсайтын, баяу жанатын пештер кеңінен қолданыла бастады. Ал климаттың өзгеруіне байланысты желсіз күндер көбейді. Мұндай кезде ауадағы зиянды заттардың мөлшері Қазақстанның да, халықаралық нормалардан да асып кетеді.

ҰЛАН ЕРМЕКОВ, ЭТҮКШ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Саран қаласы мен Дубовка, Ақтас кенттерін қамтитын жобамыз 2023 жылы аяқталды. Осы жұмысты жалғастыру үшін республикаға қаржы бөлу туралы өтінім бергенбіз. Өкінішке қарай, қажет қаражат толық көлемде бөлінбеді.
———————————————