Азаматтық авиацияға қажет ұшқыштар мен авиа-техник-механиктер енді еліміздің шығысында дайындалады. Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесінде ұшқыш кадрларды даярлау базасы ашылды. Қазірдің өзінде мұнда 25 курсант білім алып жатыр. Владимир Ларионов МИ-2 тікұшағымен 15 мың сағаттан астам әуеге көтерілген. Жойғыш ұшақтарды басқару тәжірибесі де бар. Енді өз тәжірибесімен жастармен бөлісуде. Ол үшін көбіне – МИ-2 мен МИ-8 тікұшақтары қолданылады. Айта кетейік, бүгінде республикадағы әуе компанияларына жыл сайын 600-ден аса маман жетіспейді.
ДЕНИС ГРУНСКИЙ, МИ-8 ТІКҰШАҒЫНЫҢ ҰШҚЫШЫ:
— Біршама уақыт оқыту тоқтап қалған еді. Кадр тапшылығы сезілді. Қазір жасы үлкендер мен жас буын бар. Енді осы олқылықтың орнын толтыру қажет.
АРМАН ТЕЛМАНОВ, АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:
— Қазіргі уақытта бізде теориялық оқу кезеңі өтіп жатыр, жарты айдан соң біз құрылғылар мен кабина құрылымын меңгеру үшін инструктормен бірге кабинадағы жеке тренажды бастаймыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.