Фонограммаға тыйым заңмен бекітілді

Елімізде енді фонограммамен ән айтуға болмайды. Талай жыл талқыға түскенімен, әншісымақтар «пысқырмаған» мәселе енді заңмен бекітілді. Яғни «Мәдениет және білім беру мәселелері» туралы заңға енгізіліп, құжат мақұлданды. Бұл тыйым мәдени бұқаралық шаралар өткізілетін, сыйымдылығы 200 адамға шақталған залдарда қолданылады. Тіпті ескі әдетпен әншінің фонограммаға салып ән айтуына жол берілсе, ұйымдастырушылар 3,5 миллион теңгеден астам айыппұл арқалайды. Бұл жаңалық әншілерге ұнамауы мүмкін, тыңдарман қуанып қалды.
———————————————