«Тек қорғаныста отырмаймыз. Шабуылға да шығамыз». Тура бес күннен кейін өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайтын «Қайрат» футбол клубының бас бапкері бүгін команданың дайындығы жайлы айтты. Рафэль Оразбахтин қарсыластың беделі қанша мықты болса да, алаңда бәрі тең деген пікірде. «Футболды атақ емес, тірі адамдар ойнайды», — деді ол. «Қайрат» жанкүйер алдында намысты ойын көрсетуді мақсат етіп отыр. Аренадағы мыңдаған көрерменнің қолдауы командаға қосымша күш бермек. Ал ел спортшылары үшін бұл матч өзін дәлелдеудің үлкен мүмкіндігі болғалы тұр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.