Енді Отан алдындағы борышын қай жерде өтейтінін сарбаз өзі таңдайды | 25.09.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚҰРБЫЛАР ТӨБЕЛЕСІ
Атырауда құрбылар төбелесті. Кәмелетке толмаған қыз бала көптің көзінше таяқ жеген. Бұл әрекеттің барлығын өзге жасөспірімдер телефонға түсіріп тұрған. Қатігездікке араша түспегендер жазаға тартыла ма?

ҚАРИЯ ТАЯҚ ЖЕДІ
Ал Қостанайда медицина қызметкері 61 жастағы адамды соққыға жықты. Бұл жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті қамауға алынып, іс қозғалды.

ТАСҚЫННАН ҚОРҚАДЫ
Сақтықта қорлық жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына қазірден дайындалып жатыр. Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылында бөгет нығайтылуда. Өйткені көктемде осы елдімекендер суға кете жаздаған.

ӘСКЕРГЕ ТАҢДАУ
Енді Отан алдындағы борышын қай жерде өтейтінін әскерге барушы өзі таңдайды. Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz интернет-порталын іске қосты. Алматы облысы алғаш болып, осы пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады.

ФОНОГРАММАҒА ТЫЙЫМ
Елде дауысты алдын ала жазып алып, ән шырқауға тыйым салынды. Ал фонограммамен ән айтқан да, оған рұқсат берген де 3,5 млн теңге айыппұл арқалайды.
———————————————