Астанадағы автобуста бір топ оқушы мен ересек адам төбелесті

Астанадағы нөмірі 61-ші бағытпен қатынайтын автобуста бір топ оқушы мен ересек адам жаға жыртысты. Оқиғаны куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алған. Онда жолаушылардың бір-бірін жұлқылап, тепкені байқалады. Полиция тексеру жүргізіп жатыр. Жанжал шығарғандар іздестірілуде.
———————————————