Қаскелеңдегі төбелеске қатысы бар төрт студент қыздың ата-анасына айыппұл салынды

Қаскелеңдегі кәсіптік-техникалық колледжі студенттерінің төбелесі үшін ата-анасы жазаға тартылды. Қыздардың бірін-бірі ұрып, шаш тартысқаны түсірілген мына видеоны Телеграм-арнамыздың оқырманы жіберген. Оқиғаның мән-жайын Алматы облыстық білім басқармасынан сұрадық. Жанжал колледждің үшінші және бірінші курсында оқитын екі студенттің дәлізде иық қағысып қалғанынан басталған. Жоғары курста оқитын қыз: «Неге мені сыйламайсың?» — деп өзінен кіші қызға тиіскен. Кейін сабақтан соң, адам аз жүретін көшеде жиналып, төбелескен. Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, екі қыздың да басы аман. Екеуі де полицияға барған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Төбелеске қатысы бар төрт студент қыздың ата-анасына айыппұл салынды.
———————————————