Теміртауда зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдер сот алдында жауап беріп жатыр. Олар қарияның пәтеріне баса-көктеп кіріп, аяусыз сабаған.
Оқиға биыл наурызда болған. Бес жасөспірім өздерін «электрикпіз» деп таныстырып, 67 жастағы адамға қорлық көрсеткен. Тіпті өз әрекетттерін телефонға түсірген. Артынша, ақшасы мен телефонын қолды қылған. Ал бейнежазбаны әлеуметтік желіден көрген басқа оқушылар оларды жазаламақ болған. Бұл факті бойынша әлі тергеу жалғасуда. Бүгін сот алдында барлығы 9 адам жауап беруде. Қылмыстық іс «тонау» бабымен қаралып жатыр. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.