Енді шындыққа жанаспайтын ақпарат жария етілмейді. Бұл жұмыспен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа ашылған жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы айналыса бастады. Орталық азаматтарды жалған, теріс мақсатта тараған ақпараттан қорғау, қоғамға нақты әрі тексерілген дерек ұсынуды мақсат еткен. Түрлі анонимді Telegram-арна мен әлеуметтік желілерде елдің сыртқы саясаты мен ішкі тұрақтылығына нұқсан келтіретін, дақпырт пен жалған үрей тудыратын материал жиілеп кетті. Сол себепті мемлекеттік орган мұндай ақпараттық шабуылдарға қарсы күрес жүргізу үшін қоғам арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, арнайы мониторингтік жобаларды іске қосты.
МАРЖАН БАҚТИЯРҚЫЗЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ӨКІЛІ:
— Өздеріңіз білетіндей, 1 тамыздан бастап ОКҚ құрамында Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жұмысын бастады. Орталық мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істейді. Орталықтың басты міндеті – жалған ақпаратты барынша жылдам анықтап, ресми түрде теріске шығару. Бұл – тек ақпараттық кеңістікті қорғау ғана емес, сонымен қатар азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығы.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.