Болашақта ғылым мен инженерлік кадрлар даярлау ісіне басымдық беріледі. Елімізде инженерлік-техникалық маман иелері тапшы. Сондықтан осы бағытқа бөлінетін грант саны арта түспек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық кеңестің отырысында осы мәселеге тоқталып: «Жас ғалымдарға барынша жағдай жасалады», — деді.
Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында Президент жоғары технология мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударды. Мемлекет басшысы соңғы жылдары ұлттық ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі соңғы бес жылда 5 есе артқан. Зерттеу университеттерінің саны артып, олардың өндіріс орындарымен байланысы күшейе түскен. 300-ге жуық коммерциялық жоба қолға алынды. Бұл – «Университет – зерттеу – инновация – коммерция» жүйесінің тұрақты түрде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Президент осы үрдіске тың серпін беріп, оны таяу арада толығымен енгізу қажеттігін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Ғалымдардың мүддесін қорғауға баса мән беріп отырмыз. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды, ғылымды басқарудың жаңа құқықтық негізі қаланды. Ұлттық ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту, бұл – аса маңызды, түйінді мәселе, оны басты назарда ұстау қажет. Жас ғалымдарға барынша жағдай жасала беруі керек. Жалпы, алда әлі де көп жұмыс бар, бұл жұмысқа бәріміз бірге жұмылып, бір ұжым болып, тиянақты қатысуымыз керек. Әйтпесе, күре жолдың шетінде қалып қоямыз.
Мәтін: Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамыту үшін стратегиялық ресурстардың маңызына ерекше тоқталды. Бұл салада елімізде қажетті сирек кездесетін металдардың жеткілікті қоры бар. Мәселен, Уран өндірісі бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшылардың бірі. Бұл шикізат қорының 40 пайызы елімізде шоғырланған. Ал атом станциясы іске қосылғаннан кейін бұл ішкі нарықтың қажеттілігіне жұмыс істей бастайды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Абай облысында АЭС салу перспективасын ескере отырып, Курчатовтағы ғылыми қалашықтың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет. Аталған жұмысқа Ғылым академиясы, облыс әкімдігі және Ұлттық ядролық орталық атсалысқаны жөн. Онда инженерлік және өндірістік нысандарды орналастыру үшін жағдай жасау керек. Сонымен қатар ядролық инфрақұрылымды нығайту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігінің тиімді тетіктерін әзірлеу міндеті тұр
Президент ұлттық кеңесте ғылым мен инженерлік кадрлар даярлау мәселесін де айрқыша атап өтті. Елімізде техникалық маман иелері тапшы. Жоғары оқу орныдарын бітірген түлектердің 90 пайызы – бакалавр дәрежесінде. Ал ғылым докторларының үлесі – 1 пайызға да жетпейді. «Сондықтан осы бағытқа бөлінетін грант санын арттырыу керек. Әсіресе техникалық инженерік мамандықтарға басымдық берілуі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.