Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады. Әңгімелесу барысында, Қазақстан Президентінің Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарына дайындыққа ерекше назар аударылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.