Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрін тағайындады. Мұрат Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаев келді. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ал сыртқы істер ведомствосының бұрынғы басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Ашықбаев еліміздің Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.