Астанада LRT-ның алғашқы пойызы жолға шығады

Астанада қыркүйектің 29-30 күні LRT-ның алғашқы пойызы жолға шығады. Осындай мәлімдеме жасаған қала әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа жол көлігі қала инфрақылымын дамытуға серпін береді деп отыр. Жол жүру құны 200 теңге деп белгіленген. «Бұл жеңіл рельсті көлік жылдам әрі сапалы тасымалдау қызметін ұсынады», — дейді мамандар.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Жұмыс кестесін біртіндеп ұзартамыз. Желтоқсаның аяғы мен қаңтардың ортасына дейін LRT пойызының барлығы тестілік режимде жұмыс істейді. Бұл 3 айдан жарты жылға дейін созылады.
———————————————