Астанада демалыс сайын ауылдың дәмін сездірер дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Биыл еліміздің 17 өңір шаруасы 10 мың тоннадан астам өнім ұсынбақ. Алдағы сенбі-жексенбі елордаға Алматы, Жетісу және Маңғыстау облысының шаруалары 350 тоннаға жуық азық-түлік әкеледі. Сауда сөрелерінде 110 тонна көкөніс, 50 тонна жеміс, 35 тонна ет өнімі, сондай-ақ жұмыртқа, балық, сүт және басқа да тағам түрлері ұсынылады. Барлық тауар делдалсыз, тікелей фермерлерден жеткізілетіндіктен, бағасы базардан шамамен 15 пайызға арзан. Жүк көліктері толық тексерістен өткен, санитарлық талап қатаң сақталған. Жәрмеңке таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.