On media компаниясы сыртқы жарнама жобаларын сәтті жүзеге асырып келеді

Астанада күніне шамамен 1 миллион адам автобуспен қатынайды. Қала көшелеріндегі көлік ағыны да артып жатыр. Биыл бас шаһардағы автокөлік саны 456 мыңнан асқан. Осындай ауқымды трафик бизнеске жаңа мүмкіндік ашып отыр. Ол – аялдамалардағы заманауи LED-экрандар. Тәулік бойы жұмыс істейтін жарнама бүгінде ең тиімді алаңға айналды.
Әр адам аялдамада орта есеппен 5-10 минут уақыт өткізеді. Осы сәтте клиенттер LED-экран арқылы брендтің аудиториясымен тікелей байланыс орнатады. Жарнама жолаушыларға ғана емес, күн сайын жолға шығатын 400 мыңнан астам жүргізушіге де жетеді.

ТАТЬЯНА ЕРИНА, ON MEDIA КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Біз жай ғана жарнама орналастырмаймыз, қалалық қызметтермен бірлесе жұмыс істейміз. Заманауи аялдамалар қала тұрғындарына жайлы, ал ондағы жарнама бизнеске қолайлы. Сонымен қатар біз қаладағы оқиғалар мен іс-шаралар туралы пайдалы ақпарат та орналастырамыз.

On media компаниясы алты жылдан бері сыртқы жарнама жобаларын сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе түнгі уақытта автобус аялдамаларындағы жарнама ерекше көзге түседі. Елордада осындай 50 шақты павильон бар. Әр экран күніне 50 мыңға дейін қаралым жинай алады. Жұрттың жадында қалады, брендті танымал етеді.

ТАТЬЯНА ЕРИНА, ON MEDIA КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Біз әр жобамыздың бизнеске әрі қала тұрғындарына пайдалы болғанын қалаймыз. Автобус павильондары – адамдар көп жиналатын орындар. Ол халыққа қолайлы болуы тиіс. Бүгінде компания қала бойынша 50 шақты заманауи павильон орнатты.

Бүгінде On media жарнама алаңдарын дамытып қана қоймай, қалалық қызметтермен бірлесіп инфрақұрылымды жақсартып жатыр. Жаңа павильондар көлік күту процесін ыңғайлы, әрі қауіпсіз етеді. Ал аялдамалардағы LED-экрандар – тек жарнама емес, бұл қала өмірінің ажырамас бөлігі.
———————————————