20 миллион халқы бар елімізде 26 миллионнан астам ұялы телефон тіркелген. Яғни әр қазақстандықтың қолында кемінде бір емес, бірнеше смартфоннан бар деген сөз. Бұл қарапайым байланыстан бөлек, цифрлық қызметтерді тұтынудың өскенін аңғартады. Қазір телефон тек сөйлесудің құралы емес, банктік операция жасайтын, коммуналдық төлем төлейтін, тіпті мемлекеттік қызметке қол жеткізетін әмбебап құрылғыға айналды. Сарапшылардың айтуынша, елде цифрландыру қарқыны күшейген сайын, смартфон саны да арта бермек. Ал қарапайым халық үшін «екі телефон ұстау» қалыпты жағдайға айналып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.