Елордалық әскери 5 күнде 600 шақырымды жүгіріп өтпек

5 күнде 600 шақырым. Қарулы күштердің әскери қызметшісі бірегей марафонға бастамашы болды. Астана қаласындағы аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі сержант Рауан Әбілханов 600 шақырым жүгіріп, рекорд орнатпақ. 2022 жылы 48 сағатта 350 шақырымды артқа тастаған. Марафон Астана қаласынан Көкшетауға және кері қарай бағытта өтеді. Желаяқ тәулігіне 120 шақырым жүгірсе, әр 40 шақырым сайын демалып отырады. Рекордқа қол жеткізсе жеңісін Республика күніне арнамақ. Әрі нәтижесі Қазақстан рекордтар кітабына жазылады.
РАУАН ӘБІЛХАНОВ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ:
— Алдағы сәтте қолдап отырсаңыздар, 600 шақырымды бағындырамын деген ойдамын. Саябақтан шықсам, финишімді министрлікте аяқтаймын деп отырмын.
———————————————