Астанадағы автобуста бір топ оқушы мен ересек адам төбелесті | 26.09.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ӘКЕ ҮКІМІ
Павлодарда туған әкесі үш жасар қыз баласын өлтірді. Ол балғынды қолынан құлатып алған. Оқиға кезінде ер адам мас болған көрінеді.

ҚАТЫГЕЗ БУЫНҒА БІР САУАЛ
Жас ұрпақ неге қатыгез болып барады? Қарағандыда зейнеткердің үйіне баса көктеп кіріп, аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер сотталатын болды. Олар әлжуаз қарияны тонап кеткен.

ҰЛТТЫҚ САНАҚ
Қанша қой-ешкі мен жылқы-сиырыңыз бар? Үй құсын да, көрсетіңіз. Мамандар ауыл-аймақтағы әр үйді аралап, мал-мүлік пен бау-бақша тізімін жасап жатыр. Бұл – бірінші тамызда басталған ауыл шаруашылығы ұлттық санағының жалғасы.

NOFAKE.KZ
Жалған ақпарға жол жоқ. Енді әлеуметтік желіде, жалпы ғаламторда жарияланған кез келген ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын мүмкіндік бар. Оған елімізде іске қосылған NOFAKE.KZ порталы жәрдемдеседі.

ЕҢБЕК КҮНІ
Осы жексенбіде елімізде «Еңбек күні» аталып өтеді. Осыған орай, біз Шымшаһарда арам шөпті отап, гүлзарды баптайтын жалғыз әйел туралы айтамыз. Сыпырғышын ораққа айырбастаған Диляра Орынқұлова туралы сәлден соң.
———————————————