Мичиган штаты Мормон шіркеуіндегі атыстан 4 адам көз жұмды, тағы сегізі жараланған. Зардап шеккендер көп болуы мүмкін. Өйткені қаскөй алдымен көлікті соғып, діни мінәжатқа жиналған жұртқа оқ жаудырған. Кейін шіркеуге от қойған. Оқиға орнына жеткен офицерлер қаскүнемнің көзін сол жерде жойды. Жалын шарпыған ғибадат үйі толықтай жанып кеткен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.