Тағамның орнына тірі құрт. Жетісу облысы Көксу ауданындағы Құрманов атындағы мектеп асханасында әзірленген самсадан құрт жыбырлап, оқушылардың зәресін алған. Жасөспірімдер сөздерін растау үшін видеоға түсіріп, әлжеліге салған. Аудандық білім басқармасы мамандары самса түскі асқа берілетін мәзірге кірмейтінін айтты.
ҚУАТ ҚҰЗБАЕВ, КӨКСУ АУДАНЫ ББ БАСШЫСЫ:
— Бақылау шараларын жүргізу үшін білім бөлімі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хат жолдады, бақылау шараларының қорытындысы бойынша мектеп асханасын жалға алушыға қатысты ҚР заңнамаларына сәйкес шаралар қабылданады. Жүргізілген бақылаудың қорытындылары қосымша хабарланады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.