Шымкенттегі Қошқар ата өзені ластанып жатыр

Шымкенттегі Қошқар ата өзені ластанып жатыр. Әлеуметтік желіде өзенге құбыр арқылы тікелей лай судың төгіліп жатқан видеосы тарады. Тұрғындардың айтуынша, суды ластап жатқан ағыс бойымен жоғары орналасқан қаладағы ірі сауда орталығының бірі. Жазба авторы судың иісі де жаман екенін, балықтың уланып жатқанын айтады. Бұл жағдай бойынша қалалық санэпид бақылау басқармасы тексеру жүргізді. Мамандардың сөзінше, бұл – газондарды суарғаннан кейінгі ағын су. Орталықтың жауапты қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қазір құбырдан ағып тұрған су тоқтатылды. Жалпы Қошқар, ата өзеніне 36 түрлі зерттеу жасалып, нәтижесінде судың сапасы ашық су көздерінің көрсеткішіне сай келетіні анықталған.
АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ – СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
— Олардың айтыстары – территорияда жауын-шашын кезінде сырттағы жауын-шашыннан жиналған суларды ағызып жіберуге сол трубаларды жасаған. Бірақ біз ол трубаларды жабуға кеңес бердік. Жиналған суды ол жаққа түсірмеуі керек еді, ары қарай жалпы қалалық канализация жүйесіне жіберу керек. Оны біз айтып түсіндірдік.
———————————————