Ақтөбедегі Сарайшық шағын ауданында 30 жылдан бері жол жоқ

Ақтөбе қаласындағы «Сарайшық» шағын ауданының тұрғындары 30 жылдан бері жол азабын тартып келеді. Ескі жол жамылғысы әбден жарамсыз күйге түскен. Асфальты бар жолдың өзі ойдым-ойдым болып, жүріп-тұру қиындаған. Тұрғындар жергілікті билікке талай рет шағымданғанымен нәтиже болмапты. Тіпті өмірі жөндеу көрмеген жолдарға қиыршық тас төсеп беруін де өтінсе керек. «Өйткені әр көктем-күзде балшыққа белшеден батып, әбден қиындықтың қыл көпірінен өтіп жүрміз», — дейді олар. Көлікті түгілі жаяу жүрудің өзі мүмкін болмай кеткен. Ал әкімдік әкімдік өкілдері қаржының жоқтығын алға тартады.
ӘДІЛ ӘЖІҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Әкімдер бар ма, начальник ЖКХ бар ма, білмейміз. Ешкімнің халыққа жаны ашымайды.
АРСЕН МҰРЗАЛИН, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
— Жобалық құжаттама 2024 жылы дайындалған болатын. Алайда қаржы болмауына байланысты әлі жүзеге асырылған жоқ. Бұл жоба 21 көшені қамтиды. Мемлекеттік сараптамаға сәйкес, құрылыстың мерзімі – 9 ай. Жұмыс келер жылы басталады.
———————————————