Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы өтті

Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков медиафорум қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі. Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде: «Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзгелерге үлгі боларлық сипатта екенін үнемі атап өтеді. Осындай өте жоғары деңгейдегі ықпалдастықты сақтау екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытындағы күнделікті жүйелі жұмысты қажет етеді», – деп атап өтті. Басқосуда цифрлық трансформация дәуіріндегі дәстүрлі БАҚ-тың рөлі, ақпараттық әріптестік тетіктері, медиа саласында жасанды интеллектіні пайдалану сияқты мәселелер талқыланды. Іс-шараны Президенттің Телерадиокешені ұйымдастырды.
———————————————