Алматылықтар «Реал» командасын қалай қарсы алды?

Алматы нағыз футболдың ордасына айналды. Қалаға «Реал» командасының ойыншылары ұшып келді. Корольдік клубты әуежайда жүздеген футбол жанкүйері қарсы алды. Әлемдік деңгейдегі аяқ доп шеберлері қазақтың бауырсағынан ауыз тиді. Ал УЕФА-ның әнұраны ұлттық аспаптарда орындалды. Команданың негізгі құрамы VIP терминалы арқылы өтіп, қонақүйге бет алғанымен, жолы түскендер жұлдыздардан қолтаңба алып та үлгерді. Жанкүйерлер бүгін күні бойы олармен кездесудің сәтін күтіп, қонақүйдің алдын күзетіп тұр. Ертең Алматы шаһары «Қайрат» пен «Реал» командалары арасындағы чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынға куә болады.
———————————————