Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
МЕКТЕПТЕГІ МАСҚАРА
Асханадан құрт, әлеуметтік желіден шу шықты. Жетісу облысы Балпық би ауылындағы оқушылар құрт қосылған тағамды түсіріп, жариялап жіберген. Тексеріс басталды.
ҚҰС ҚЫРЫЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысы Бугровое ауылында қаз-үйрек пен тауық қырыла бастады. Тұрғындар құс тұмауы болуы мүмкін деп алаңдаулы.
АЮ АУЫЛҒА КІРДІ
Абай облысында қоңыр аю шаруашылыққа шабуылдап, малды қырып жатыр. Ауыл тұрғындары жалғыз-жарым үйден шығуға қорқады. Ал аюды атуға рұқсат жоқ.
КҮН СУЫТТЫ
Қар жауып, боран соқты. Еліміздің бірқатар өңірінде ызғар сезілді. Қазан айында ауа райы қандай болмақ?
КӨКПАР ТАРТЫС
Тұлпары құлағын қайшылап, қазанаты жер тарпыған. Алты аймақтан арғымағын сайлай келген шабандоздар «Азия Көкпар Лигасында» көк серкені тартып, тақымға қысты. Астанада өткен сайыста кімнің бағы жанды?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.