Оралда 10 жасар қызды зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр

Оралда 10 жасар оқушы қызға шабуыл жасалды. Оқиға мектеппен іргелес орналасқан сауда үйі мен жанар-жағармай құю бекеті артындағы теректердің арасында болған. Әлеуметтік желі арқылы тараған суыт хабар елдің жағасын ұстатты. Өзінің арам ойын жүзеге асырған қаскөй ізін суытқан. Қолда бар дерекке сүйенсек, қыз бала ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайдан кейін оқиға болған аумақтың жарықтары шұғыл түрде ретке келтіріліп жатыр. Алайда іске байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық білім бөлімі ешқандай ақпарат берген жоқ. Ал тәртіп сақшылары күдіктінің шамамен 20-25 жаста екенін айтады. Оқиға орны тексеріліп, іздеу жарияланды.
ҰЛАНБЕК ӘБІЛХАЙЫР — БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
— Кәмететке толмағанға қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекет бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмысқа қатысы бар адамды құрықтау үшін жедел іздестіру іс-шаралар кешенді жүргізілуде. Балаларға қатысты жасалған қылмыс – қоғамдағы ең ауыр әрі сорақы әрекет. Бұл теріс әрекетті жасаған адам міндетті түрде ұсталады.
———————————————