Мүгедек жігітті зорлау ісі: туыстары жазаны жеңіл санайды

Түркістан облысында мүгедек жігітті зорлады деп айыпталған туыстарының ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Келес аудандық сотында өткен жарыссөзде прокурорлар күдіктілерді 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда жәбірленушінің туыстары бұл жаза тым жеңіл деп санайды.
Еске салсақ, жантүршігерлік жағдай осы жылдың ақпан айында болған. Оқиғаны 24 жастағы жәбірленуші наурыз айында анасына айтып, содан кейін ғана сұмдық жағдай әшкере болған. Қазір үш күдікті қамауда отыр. Бірақ жәбірленуші өзіне алты туысы зорлық көрсеткенін айтқан. Алайда кейбірінің кәмелетке толмауы және дәлелдің жеткіліксіздігінен жауапқа тартылмаған.
ГҮЛАЙХАН ТҰРСУМАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АДВОКАТЫ:
— 121-баптың 2-бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза – 12 жыл. Сондықтан біз 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық. Сот тергеуінде де, тергеу барысында да жан-жақты объективті қарады деп ойлаймыз. Ол жерде тиісті дәлелдемелер жинақталған. Сондықтан әділ шешім шығады деп ойлаймын.
———————————————