Атырау облысы Мақат ауданында 107 апатты үйді жөндеуге қаражат жоқ

Атырау облысы Мақат ауданында тозығы жеткен 107 үйді жөндеуге жергілікті билік ақша таппай жатыр. Апатты баспаналарды қалыпқа келтіруге шамамен 2 млрд теңге қажет. Мәселені шешу үшін жауапты мамандар инвестор іздеуде. Мәселен, салынғанына 70 жыл болған тұрғын үйлерге соңғы рет жөндеу жарты ғасыр бұрын жүргізілген. Биыл 28 үйді толық жаңарту жоспарланған. Ал келесі жылы Мақат, Доссор кенттерінде 39 үйді күрделі жөндеу басталады.
АЗАМАТ МӘМБЕТОВ, МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Биылдың өзінде екі пәтерлік 80 үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. 160 пәтердің кілтін жыл аяғында табыстаймыз. Келесі жылдан бастап осы жұмысты жалғастыру арқылы қосымша 100 үй салуға инвесторлар тауып, салдыруды жоспарлап отырмыз.
———————————————