ШҚО-ның онкология орталығында рентген суреттерін жасанды интеллект өңдейді

Шығыс Қазақстан облысының онкология орталығында рентген түсірілімдерін медициналық тұрғыда қарау жұмысы толық цифрландырылды. Енді талдау нәтижелерін жасанды интеллект өңдейді. Оның көмегімен дәрігерлер пациенттің жағдайына қатысты мәліметті тереңірек зерттей алады. Бұрынғыдай рентген суреттерін көлікпен Өскеменге жеткізудің қажеті жоқ. Осы жаңа тәсілдің арқасында қатерлі дертті анықтау уақыты қысқарып, аудандық емханалардағы рентгенологтардың жетіспеушілігі шешімін тапты.
ГҮЛМИРА САҒИДУЛЛИНА, ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бұрын зерттеулер рентген-аппараттарында жасалып, бәрі пленкада көрсетілетін. Ал бүгінде цифрлық технология мұның бәрін сапалы ірі лезде жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, шалғай ауданнан келген әйел сүт безін тексертсе, небәрі бір минут ішінде түсірілім біздің орталықтағы мамандарға жетеді.
———————————————