Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі пайдалануға берілді

Көлік инфрақұрылымындағы елеулі оқиға. Мемлекет басшысының рұқсатымен Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі пайдалануға берілді.
Жаңа магистраль жүк тасымалы көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Жоба экспорттық тауарларды жеткізу уақытын едәуір қысқартып, еліміздің транзиттік әлеуетін нығайта түседі. Осылайша, еліміз Еуразиядағы басты транзиттік хабының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында көлік-логистикасының халықаралық байланысты нығайтатын маңызды фактор екеніне баса мән берген болатын.
———————————————