Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады. Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.