Төрт бірдей қалашық салынатын Alatau City болашақта ғылым мен білім, медицина, туризм салаларын дамытып, бизнесті өркендетуге арналған ірі қаржы орталығына айналады. «Жаңа Жібек жолын жаңғырту» жобасына кіретін ірі мегаполистегі халық саны болашақта 2 млн адамға жетеді деген болжам бар. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтыың Алатау қаласын дамыту жоспарымен танысу кезінде айтылды.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес құрылып, Парламентте конституциялық заң жобасы әзірленеді.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қордың негізгі функциясы болады. Ол мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыны аккумулировать етіп, тиісті эксперттерді, халықаралық деңгейдегі эксперттерді тарта отырып, жаңа регуляторлық нормаларды енгізу деген. Осы қаланың деңгейінде регуляторлық жаңа тәсілдер енгізіледі. Қазақстанда болмайтын тәсілдер болады.
Жаңадан салынатын ғимараттардың сейсмикалық және өртке қарсы қауіпсіздігі ғана тексеріледі. Ол құрылыс мерзімін барынша қысқартып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Алатау қаласынан бизнес орталығын салуға 6 мыңдай адам жұмылдырылады. Оның құырылысына 800 млн доллар бөлінеді. Аталған бизнес орталығында 2 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.
МИРАС ҚҰТТЫБАЕВ, ИНВЕСТОР:
— Иә және Голденнен бізде кейпарк салынады. Бұл корей халқының Қазақстанға көшкеніне 90 жыл болуына орай 2027 жылы ашылады. Мұның барлығы – кәріс халқының Қазақстан халқына алғысы ретінде салынып жатқан ғимарат.
Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында әлемнің жетекші компанияларымен келісімшарттар жасалғаны белгілі. Аумағы 88 мың гектар жерді алып жатқан Алатау арнайы экономикалық аумағына қазірдің өзінде инвесторлар көптеп келе бастады.
ӘРКЕН ӨТЕНОВ, АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Атап айтсақ, мына бізде «Пепсико» америкалық ірі компания 80 миллиардқа жуық инвестиция құяды. 500-ден астам жұмыс орнын ашады. Қазіргі таңда «Марс» компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Еліміздегі жаңа іскерлік-инновациялық орталықты болашақта Алатау қаласын дамыту жөніндегі арнайы кеңес басқарады. Оған Үкімет басшысы төрағалық етеді. Жаңа қаланың институционалдық негізін қатыптастыру арқылы Alatau City өңірдегі толық цифрланған алғашқы қалаға айналады. Ол үшін жаңа банк пен криптовалюта биржасы құрылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.