Инновациялық технологияларды қолданатын қазақстандық компания 3,5 есе өскен. Бұл туралы Минскіде өткен пленарлық сессияда Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесінде Қазақстанның машина жасау, химия және құрылыс салаларындағы 20 ірі кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Отандық павильонда цифрлық шешім мен өнеркәсіпке арналған инновациялық жобалар таныстырылды. Цифрландыру қарқыны әсіресе тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ саласында байқалады. Қазақстан жасанды интеллект пен роботтандыруды дамытып, өндірістік процестерді толық автоматтандыруға бет бұрған. Ал трансшекаралық цифрлық платформалар мен логистика жүйелері экспорт пен өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Өңдеу өнеркәсібінде цифрландыру қарқыны күшейіп келеді. Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық шешімдерді қолданатын кәсіпорын 3,5 есе артқан. Бұл – өндіріс тәсілін түбегейлі өзгертіп, кооперациялық жобаларға жол ашып отыр. Цифрлы технология кәсіпорындардың тиімділігін еселеп, оларды жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.