Еліміздегі ең егде адам Ұлытау облысында тұрады

Еліміздегі ең егде адам Ұлытау облысында тұрады. Жасы 115-те. Жалпы, статистикалық мәліметке жүгінсек, 100 жасқа жеткен және асып кеткен 500-ге жуық қарт бар. Олардың дені – оңтүстік өңір тұрғындары. Алматыда ғасыр жасаған 60 шақты адам тұрады. Ұзақ жасаудан екінші орында Түркістан облысы. Онда 53 адам 100-ге жеткен. Әрине, көп жасаудың да өз сыры бар. Дегенмен қазыналы қарттарымызға қаншалықты қамқор болып жүрміз? Қарттар күні қарсаңында жұрт пікіріне құлақ түрген едік.
———————————————