Абай облысында 360 жылдан аса тарихы бар ұстаздар әулеті бар. Білім саласында айшықты із қалдырып келе жатқан Аслаевтар әулетінің өмірлік миссиясы – шәкірт тәрбиелеу.
Аслаевтар әулетінің ұстаздық тарихы 1932 жылдан басталады. Содан бері бұл кәсіп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
АЙМАН АСЫЛАЕВА, ҰСТАЗ:
— Әкем Ғабдолла Асылаев 20 жасында Семейдегі педтехникумды бітіріп, Абай ауданы Қарауыл ауылына мұғалім болып келеді. Матиматика пәнінің мұғалімі болды. Ол кісі универсал бопты. Басқа піәндерден де сабақ бере алған екен. Физика, химия мұғалімдері жоқ болып қалса, солардың орнына да сабақ беруге қабілетті адам болған. Мектепте 40 жыл еңбек еткен.
Әулеттің үлкені – бүгінде 87 жастағы Шолпан Ғабдоллақызы. Ол химия пәнінен сабақ беріп, көпбалалы ана атанып, «Ана Даңқы» ордені мен «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері болды.
ШОЛПАН НҰРЫШЕВА, ҰСТАЗ:
— Әкеміз мұғалім болып бастады. Жолдасым мұғалім болды. Өзім де мұғалім болдым. 27-30 жыл мұғалім болып істедім. Қанша жыл мұғалім болсам да, әр жылы мектептен түлеп ұшқан оқушыларым өзімнің балаларым сияқты.
Ата жолын қуған ұрпақтары ұстаздықты өмірлік мамандық, деп қабылдап, әулеттің абыройын асқақтатты. Бүгінде үшінші буын – немере-шөберелері де мектепте табысты еңбек етіп жүр. Олар үлкен шаңырақта жиналғанда нағашы аталарының өнегесін мақтанышпен айтып, естелігін дәріптейді.
ЛАУРА МАХМЕТОВА, ҰСТАЗ:
— Асылаевтар династиясының үшінші ұрпағы боламын. Нағашы атамның осы династияны бізге құрып бергенін мақтан етемін. Ол кісінің, өзімнің анамның жолын қуып математика пәні мұғалімі болғаныма өте қуанамын және мақтанамын.
Аслаевтар әулетінің құрметіне олар қызмет еткен мектепте арнайы кабинет ашылған. Жыл сайын Ғабдолла Аслаев атындағы аудандық математика олимпиадасы өтеді. Мақсат – қабілетті оқушыларды қолдап, дұрыс жол көрсету.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.