Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынағы басталды. Жүргізушісіз пойыздар алдымен бірнеше станция арасында сағатына 10 км жылдамдықпен жүреді. Біртіндіп қарқынын күшейтеді. Сынақ екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – кабельдік желілерді, рельстерді және пойыздардың техникалық дайындығын тексеру. Келесі кезеңде басқару, байланыс, қауіпсіздік жүйелері сыналады. Жабдық пен инфрақұрылымды кешенді сынау кемінде алты айға созылады. Сөйтіп, келесі жылдан бастап елордалықтар LRT көлігін пайдаланады.
ОРЫНБАСАР АҒЫБАЕВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
— GoA4 жүйесі – рельсті ең заманауи автоматандыру жүйесі. Ондай жүйелер Сингапурда, Дубайда қолданылады. Астанада бұл жүйелі іске қосылар алдында кезең-кезеңімен қауіпсіздігі расталаған соң, толық қолданысқа береміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.