Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуында әскердің тыл қызметі өз шеберлігін көрсетті.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері далалық жағдайда дер кезінде тамақтандыру пунктерін, медициналық бекет пен лагерьлерді орналастырып, әскерді сумен, азық-түлікпен, мүлікпен және жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етті. Сондай-ақ әскери техниканы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, логистика мен қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.