Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҮШ ҚАРАҚШЫ
Кәсіпкерді тапаншамен қорқытып, үйіндегі қымбат зергерлік бұйымдары мен 500 млн теңгесін үптеп кеткен үш күдікті ұсталды. Олардың бұдан бұрын тағы бір жерге қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды.
ҚЫЗ БАЛАНЫ ҚОРЛАДЫ
Шабуыл. Зорлық. Тонау. Оралда 10 жастағы қыз баланы қорлаған төрт жігіт іздестіріліп жатыр. Жеткіншек ауруханаға жеткізілді.
РЕЛЬСТЕГІ РЕВОЛЮЦИЯ
Жүк тасымалының жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымға дейін артады. Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржол магистралінің екіншісі желісін іске қосты.
ОНКОЛОГИЯДАҒЫ АҚЫЛДЫ КӨМЕКШІ
Шығыс Қазақстан облысында жасанды интеллект көмегімен емдеу дәуірі басталды. Ақылды жүйе онкологиялық талдауды өңдеп, науқастың жағдайын терең зерттейді.
АЯҚДОП АЙҚАСЫ
Футбол және қауіпсіздік. Алматыда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын алдында қауіпсіздік күшейтілді. Бас аяғы 2 800 сарбаз алаңдағы тәртіпке тікелей жауап береді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.