Қарағандыда жаға ұстатарлық жағдай. Қаладағы полиция пунктінің бірінен 23 жастағы қыздың мәйіті табылды. Сол кабинетте тәртіп сақшысы ес-түссіз жатқан. 36 жастағы учаскелік полиция қызметкері жансақтау бөліміне жеткізіліп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Әзірге олардың бір-біріне қандай қатысы бар екені белгісіз. Қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы тергеу тобы құрылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.