Оралдық полицейлер кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасады деген күдіктіні қолға түсірді. Сабақтан шыққан жасөспірімге белгісіз біреу күш көрсетіп, сол маңдағы ағаштар арасында арам ойын жүзеге асырған. Қоғамды дүр сілкіндірген осы оқиғаға қатысты құқық қорғаушылар жедел іздестіру шараларын қолға алған. «Күдікті қатаң жазасын алады», — дейді полицейлер.
АРМАН ОРАЗАЛИЕВ, ПД БАСТЫҒЫ:
— Жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.