Ұстаз болуды армандайтын жастар көбейді

Ұстаз болғысы келетін жастар көбейді. Мектепті «Алтын белгімен» бітірген түлектердің арасында мұғалімдік жолды таңдағандар көп. 13 мыңнан астамы биыл грантқа түсіп, тегін білім алып жатыр. Бұл – Президенттің сөзі. Мемлекет басшысы бүгін ғалым да, шахтер де бас иетін мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, ілтипатын білдірді. Білімге құштар, саналы шәкірт тәрбиелеген мұғалімдерді «Парасат», «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалімен марапаттап, бірқатарына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді. Біздің елде мұғалімдер күні 5 қазанда тойланады. Қазір мектептерде 412 мың ұстаз еңбек етіп жүр.
———————————————