Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметі мамандарының шеберлігі сыналды. Тактикалық оқу-жаттығу өтті. Шара Өскемендегі гидроэлектр станцияда ұйымдастырылды. Стратегиялық нысандағы құбырдан мұнай төгіліп, отқа оранған. Оқиға орнында арнайы штаб құрылып, зардап шеккендер қауіпсіз жерге көшірілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды. Осылайша, құтқарушылардың дайындығы тексеріліп, стратегиялық нысандардағы қауіпсіздік шаралары пысықталады.
ОЛЕГ ИЗОТОВ, ГЭС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мұндағы өртті ауыздықтау қиын. Себебі нысанда кедергілер көп. Сондықтан құтқарушылар олардың барлығын біліп, өте жылдам қимылдауы тиіс. Мұндай сәтте әр секунд маңызды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.